Жастар қанатының төрағасы Түркістанда
Жастар қанатының төрағасы Түркістанда
5,301
оқылды
Түркістан облысына ісса­пар­мен келген Jas Otan Жас­тар қанатының төра­ға­сы Елнұр Бейсенбаев жұмы­сын алдымен Кентау қаласы­нан бастады. Ол қаладағы Б.Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр есімін иеленген білім орда­сындағы музеймен танысты. Сондай-ақ Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, білімді де, білік­ті жастарды қолдауға бағыт­талған маңызды жобаларды түсіндірді. Сапар барысында еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі «Кентау трансформатор зауытында» болды. Кәсіпорында бүгінде 1 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Оның 1 000-ға жуығы Nur Otan партиясының мүшелері. Ал 500-ге тарта жастардың ба­сым бөлігі Jas Otan Жастар қана­тының мүшелігіне енген. Бұдан кейін Елнұр Бейсен­баев Кентау қалалық Jas Otan Жастар қанатының және «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ жұмысымен танысты.
– «Әрбір жастың жеке же­тістігі – тұтас Отанымыздың та­бысы» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға әр­дайым айрықша көңіл бөлеті­нін білесіздер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сымен Жастар жылын қорытын­дылап, Волонтерлер жылын бас­тап отырмыз. Алдағы уақытта бұл бағытта көптеген жұмыс ат­қарылып, ауқымды істер жүзеге асады, – деді арнайы Түркістан облысына іссапармен келген Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.
Бұдан соң ол облыстық жастар ре­сурстық орталығына бар­ды. Айта кету керек, көпфунк­ционалды жаңа үлгідегі жастар ор­та­лығы бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта жастарға қызмет көрсету орталығы, «Мобильді топ», Turkistan HUB coworking zone, IT park, робототехника мектептері, коворкинг алаңы, электронды кітапхана, «Жас сарбаз», «Еріктілер мектебі», «Құрылыс жасақтары», «Тілдер мектебі» түрлі жастар ұйымдары мен клубтары, мектептері мен үйірмелері жұмыс істейді. Сон­дай-ақ ғимарат ішінде relax zone демалыс аймағы, ғимараттың сыртқы бөлігінде футбол, волей­бол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңдар бар. Орталықта Nur Otan пар­тиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Е.Бейсенбаев белсенді жастармен кездесті.    width=   Жиында табиғат жана­шыры, эколог Ғани Назарбек жануарлар әлемі мен өсім­дік­терді қорғауда және эколо­гияны таза ұстау бағыты бо­йын­ша партия тарапынан ат­­қа­­рылып жатқан жұмыстар жө­нінде сұрады. Ал Түркістан облыстық жобалық кеңсенің PR-менеджері Гүлжамила Сәр­сенбайқызы партия мен жур­налистер арасында тығыз қаты­нас орнатып, түрлі ой қозғай­тын клуб құрылса деген ұсыны­сын жеткізді. «Шапағат» қайырым­дылық қорының президенті Еркінбай Шалтан «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партия тара­пынан көрсетілетін қолдау­лар күшейтілсе» деген ұсынысын айтты. Еркін пікір алмасу фор­ма­тында өткен басқосуда қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жол­дары талқыланды. Бұдан соң Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің студент жастарымен де кездесу өтті. Айтулы шара барысында түркі әуендерінен попурри, ұлты­мыздың әндері мен күйлері орындалып, «Атамекен» ұлт ас­паптар фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Басқосуда жастар өздерінің сауалдарын жолдап, еркін пікір алмасты. Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев пен Қ.Ясауи атын­дағы ХҚТУ-дің вице-президенті Әміреқұл Әбуов еліміздегі бел­сенді жастар жөнінде айтып, олардың қоғамдағы орнына ерекше тоқталды. Jas Otan Жастар қанатының төрағасы, әсіресе өткен жылы Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған жарылыс кезінде 700-ден астам белсенді жастар, яғни волонтерлер көмек қолын созып, апатты жағдайда қалған арыстықтарға 450 тонна шамасында азық-түлік жеткізуге атсалысқанын жеткізді. Ол сон­дай-ақ жастар үшін елімізде көптеген бағдарлама жасалып жатқанын тілге тиек етіп, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға шақырды.   Тельман БЕЙСЕН