Атырауда тірі туған сәбиді мұздатқышта сақтап, өлтіргендерге қатысты сот жүріп жатыр
Атырауда тірі туған сәбиді мұздатқышта сақтап, өлтіргендерге қатысты сот жүріп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
327
оқылды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот процесі басталды, – деп жазады 24.kz.  Дереккөздің жазуынша, Мәншүк Аймұрзиеваға ҚР ҚК 371-бабы, 2-бөлігі, яғни өз міндетіне салғырт қараудың салдары абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқтырған деген айып тағылып отыр. Атап айтқанда, Мәншүк Аймұрзиева басшылық жасаған 2019 жылы Атырау облыстық перинаталды орталығында жаңа туған нәрестені мұздатқышқа тірідей салу фактісі анықталды. Сондай-ақ бас дәрігер  «облыстағы балалардың өлімі туралы статистикалық мәліметтерді бұрмалаған» деген де айып тағылып отыр. Алдын ала тергеу барысында Аймұрзиева тағылған айыптарды толықтай мойындаған. Қазір ол үйқамақта отыр.