Ғалымдар қазіргі және ежелгі адамдардың иіске деген сезімталдығын салыстырды. Ежелгі адамдардың иісі жағымсыз болған ба? Олардың иіс сезу қабілеті қандай? Бұл сұрақтарға жауап іздеген Париж-Саклай және Дьюк университетінің ғалымдары неандертальдықтар мен денисовтардың иіс рецепторларын зертханада өсіріп, олардың әртүрлі иіске сезімталдығын тексерді. iScience беделді ғылыми журналының биылғы алғашқы санында жарияланған мақалаға сілтеме жасап Aikyn.kz жүздеген мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі адамдардың иіс пен иіс сезімталдығын зерделеп көрді. [caption id="attachment_238930" align="aligncenter" > Ғалымдар қазіргі және ежелгі адамдардың иіске деген сезімталдығын салыстырды. Ежелгі адамдардың иісі жағымсыз болды ма? Олардың иіс сезу қабілеті қандай? Бұл сұрақтарға жауапты Париж-Саклай және Дьюк университетінің ғалымдары берді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Mike Kemp[/caption] Неандертальдықтар Еуропа мен Азияның кейбір бөліктерінде, ал денисовтықтар Ресей мен Оңтүстік-Шығыс Азияда өмір сүрді. Осы архаикалық түрлердің қалай өмір сүргені туралы біз біле бермейтін құпия көп. Бірақ олардың гендерін зерттеу арқылы ежелгі адамдардың көп сипаттарын анықтауға болады.
Жаңа зерттеу үшін Париж-Саклай мен Дьюк университетінің ғалымдары зертханалық ыдыстарда неандертальдық және денисовтық иіс рецепторларын өсірді, оларға әртүрлі иісті қосып, бүгінгі адамдармен салыстырғанда олардың иіс сезімталдығын өлшеді.[caption id="attachment_238932" align="aligncenter" > Ежелгі адамның иіс рецепторларының гендерін қазіргі адамдардың гендерімен салыстырып, әрқайсысының қаншалықты ерекшеленетінін көруге болады. Фото ncbi.nlm.nih.gov журналынан алынды. Авторы: Claire A. de March[/caption] Зерттеу тобы әртүрлі түрлердің, соның ішінде өткен жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Сванте Паабо құрастырған геномдардың дерекқорларын сараптады. Швед ғалымы Сванте Паабо-ның зерттеулері туралы жазып, Aikyn.kz толық мағлұмат берген еді. Дерекқорлардан таңдалған ежелгі адамның иіс рецепторларының гендерін қазіргі адамдардың гендерімен салыстырып, әрқайсысының қаншалықты ерекшеленетінін көре алады. Олар ежелгі адамның 30 иіс сезу рецепторларын өсіріп, оларды әртүрлі иістермен қоздырып реакцияларын өлшеді.
Ғалымдар рецепторлардың негізінен бірдей иістерді ажырататынын анықтады, бірақ олардың әртүрлі иіске сезімталдығы әртүрлі болған. Неандертальдықтардың қазіргі адамдармен салыстырғанда ащы, тәтті, жалбыз және гүл иістеріне деген сезімталдығы айтарлықтай аз болған. Олардың тер мен зәрдің иісіне деген сезімталдығы да төмен болған. Бұл күнделікті гигиенасыз әлемде өмір сүрген адамдар үшін ыңғайлы болғаны сөзсіз.[caption id="attachment_238933" align="aligncenter" > Денисовтықтар балдың иісін жақсы қабылдаған. Энергетикалық қуатына байланысты бал олардың сүйікті тағамы болуы мүмкін деген болжам жасалды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Schellhorn[/caption] Денисовтықтардың иіс сезу реакциялары жақсы болған. Олар гүл хош иістеріне азырақ сезімтал болғанымен бізден гөрі «күкіртті» иістерді төрт есе жақсы, ал бальзамдық иістерге – ваниль мен шоколад сияқты қою, тәтті иістерге үш есе сезімтал болған. Олар сондай-ақ балдың иісін жақсы қабылдаған. Бұл балдың энергетикалық қуатына байланысты денисовтықтардың сүйікті тағамы болуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді.
«Біз денисовтықтардың не жегенін білмейміз, бірақ бұл рецептордың сезімтал болуының бірнеше себептері бар. Ежелгі адамдар тамақ табу қабілетін күшейту үшін иіс сезу рецепторларын да дамытуы керек», – дейді зерттеуші ғалымдардың бірі Хироаки Мацунами.Бұл зерттеу ежелгі адамдардың генетикасы мен мінез-құлқын жақсырақ түсінуге көмектесіп қана қоймай, олардың зертханада жасалған иіс сынаушы қазіргі адамдардың да иіс сезінуіндегі генетикалық айырмашылықтарды анықтауға көмектесе алады.