Тоқаев Түркия халқына көңіл айтты
Тоқаев Түркия халқына көңіл айтты
Фото: akorda.kz
1,011
оқылды
Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Президент Қазақстан Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, Түркияда 7 балдық жер сілкінісі болып, 70-тен астам адам қаза тапты. Жараланғандар саны да өсіп жатыр.