Үш автокөліктің екеуі қазақстандық
Үш автокөліктің екеуі қазақстандық
396
оқылды
Қаңтар айының қорытындысы бойынша елімізде 35,8 млрд теңгеге 5 884 көлік құрастырылды. Қазақстан автобизнес қауымдастығы баспасөз қызметінің хабар­лауынша, өндіріс көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 81,9% ұлғайған. Әдеттегідей негізгі өсім жеңіл көлік есебінен болып отыр. Өн­діріс 67%-ға өсіп, 5 161 дана ав­токөлікті құрады. Жүк көлігін өндіру де 8 есе артып, 549-ға жет­ті. Дегенмен автобус шығару кө­лемі бұрынғы қалпынан ас­паған. «Өткен жылы автомобиль өндірушілер өндірісті екі есе арт­тырды. Сонымен бірге жеңіл автомобиль жасау саласының еліміздегі машина жасау құры­лымындағы үлесі 38%-ға жоға­рылады. Биыл да өсім болады деп ойлаймыз. Бірақ оның қалай өсетіні алдағы сатылу нарығына байланысты айқындалады», – деді Қазақстан автобизнес қа­уымдастығының вице-прези­денті Анар Мақашева. Алдын ала болжам бойынша, қостанайлық «Сарыарқа­Авто­Пром» компаниясы 2 816 дана техника шығарса, өскемендік кәсіпорын «АзияАвто» 2 538 көлік құрастырған. Сондай-ақ Семейдегі «СемАЗ» автоқұрас­тыру зауыты 296 жүк тиейтін көлік құрастырса, көкшетаулық «КАМАЗ Инжиниринг» 60 техника, «Daewoo Bus Kazakhstan» 32 автобус шығарыпты. Осы­лайша, жергілікті өндіріс ав­томобильдері барлық саты­лымдардың 61%-нан асты. Яғни, ішкі нарықта сатылған әр үш көліктің екеуі Қазақстанда шы­ғарылған автомобиль.   Тәуекел ДУМАН