Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстаннан Түркияға құтқарушылардың екінші легі аттанады
Тоқаевтың тапсырмасы: Қазақстаннан Түркияға құтқарушылардың екінші легі аттанады
Фото: ТЖМ-нен алынды
3,727
оқылды
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір тобы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады. Бұл тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептері бар.    width= ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар. Жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Қазақстан ТЖМ екінші тобы Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысады. Түркиядағы қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны – 100 адам.    width= ТЖ министрі Юрий Ильин құтқарушыларды жөнелтудің алдында нұсқаулық өткізді. Ол құтқарушыларға адамдарды іздеу және құтқару бойынша жауапты міндеттер жүктелгенін, сондай-ақ Түркия азаматтарының жер сілкінісінің салдарымен тезірек күресу мүмкіндігіне деген үмітін атап өтіп, құтқарушыларға туыстары мен жақындары арасына аман-есен оралуын тіледі. Түркияға жіберілген қазақстандық құтқарушылардың төтенше жағдайларды жоюда практикалық тәжірибесі көп.