Жақында Aikyn.kz жасанды интеллект жүйелерін дамытуда Google-дің басты бәсекелесі саналатын OpenAI компаниясының ChatGPT-дың танымалдығының өсуі туралы материал жариялаған еді. Сонда айтылған болжамдардың дұрыстығы кеше Financial Times басылымының мақаласында да көрінді. Беделді басылымның материалына сілтеме жасаған Aikyn.kz Google-дің Bard атты чат-ботын дамыту жоспарларын талдап ұсынады. [caption id="attachment_239621" align="aligncenter" > Жаңа Bard деп аталатын чат-боты интернет қолданушыларға Google-дың ең қуатты жасанды интеллект тіл жүйесі LaMDA-ға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Фото Getty Images айтынан алынды. Авторы: Jonathan Raa[/caption] Жаңа Bard чат-ботын Google өзінің әлемдегі ең мықты іздеу жүйесі мен жасанды интеллектің Google LaMDA тілдік жүйесіне сүйеніп дамытпақ.
LaMDA (Language Model for Dialogue Applications) – сөйлесу қолданбаларына арналған тіл үлгісі. Бұл нейрондық тіл үлгісінің бірінші буыны 2021 жылы шығарылды, ал, екінші буыны 2022 жылы ұсынылды.6 ақпан дүйсенбіде Google жаңа құралды енгізу жарысында танымал ChatGPT-тан да қуатты чат-ботты іске қосу жоспарларымен бөлісті. Бұл мәлімдеме осыдан 2 ай бұрын шығарылған OpenAI-дің ChatGPT чат-боты бүкіл әлем назарын өзіне аударғаннан кейін жарияланды.
OpenAI компаниясының өнімі Google сияқты дәстүрлі іздеу жүйесін пайдаланудан гөрі сұрауларға жауап берудің оңай жолын көрсетті.[caption id="attachment_239622" align="aligncenter" > Google танымал ChatGPT-тан да қуатты чат-ботты іске қосу жоспарларымен бөлісті. Бұл мәлімдеме осыдан 2 ай бұрын шығарылған OpenAI-дің ChatGPT чат-боты бүкіл әлем назарын өзіне аударғаннан кейін жарияланды. Фото Getty Images айтынан алынды. Авторы: Fan Jianlei[/caption] Жақында OpenAI-ге «бірнеше миллиард долларлық» инвестиция салғанын жариялаған Microsoft, өзінің Bing іздеу жүйесінде өзінің ЖИ-ін қолдануға дайындалып жатыр. Aikyn.kz осы ірі инвестиция жайында 18 қаңтарда материал жариялады. Бұл Google-ді соңғы бірнеше жылда пайда болған маңызды технология бойынша басып озуға деген ұмтылысты білдіреді. Өзінің тартқан ақпаратында Google жаңа қызметтердің қашан нарықта пайда болатынын айтпады.
Дүйсенбі күні компанияның бас атқарушы директор Сундар Пичаи ChatGPT-де қолданылған мәтін немесе кескіндерді жасайтын, басқа да генеративті ЖИ қызметтерінің негізгі технологияларын Google ойлап тапқанын атап өтті.Сарапшылардың пікірінше, мұндай көшбасшылық сипатына қарамастан, жаңа өнімді шығаруға бюрократиялық кедергілер мен іздеу қызметінің қаржылай табысына нұқсан келтіруі мүмкін жаңашылдықтарды енгізбеуі себеп болуы мүмкін. [caption id="attachment_239623" align="aligncenter" > Bard чат-боты LaMDA-ның «жеңілірек» нұсқасын қолданатын болады, бұл «әдетте аз өңдеу қуатын қажет етеді», – дейді Google-дің бас директоры. Фото Getty Images айтынан алынды. Авторы: Jonathan Raa[/caption] Пичаи жаңа Bard деп аталатын чат-боты интернет қолданушыларға Google-дың ең қуатты жасанды интеллект тіл жүйесі LaMDA-ға қол жеткізуге мүмкіндік беретін айтты. Ол жеке, өзіндік бренд ретінде қызмет етіп, компания жаңа чатбот интерфейсін іздеу жүйесінен бөлек қаралмақшы. Веб ресурстарды «оқу» мен қолданушыларға тікелей жауап беруге ЖИ-ді қолдану дәстүрлі іздеу қызметіне қарағанда әлдеқайда қымбат.
Қаржылай табыс көлемін сақтап қалу үшін Bard чат-боты LaMDA-ның «жеңілірек» нұсқасын қолданатын болады, бұл «әдетте аз өңдеу қуатын қажет етеді», – дейді Google-дің бас директоры. Пичаи сонымен қатар Google қолданушылардан әртүрлі веб-сайттарды қарамай-ақ, іздеу жүйесінде жасанды интеллекті қолданып күрделі сұрақтарға жауап беруді ұсынатынын айтты.ЖИ технологиясына негізделген машиналар да, дауыстық көмекшілер мен чат-боттар алдағы 10 жылда жаппай тұрмысқа енгізіле бермекші. Ал, жасанды машиналар дами келе адамдар оларды қандай мақсатта қолданатыны, машиналар адам өмірін қалай өзгертетіні де қиын мәселе болмақ.
Машиналар адамнан жылдам жұмыс істейді. Қажет ақпаратты тез табады. Бірақ машина мол ақпаратты қорытып, ұсынатын шешімі адам үшін қауіпті, зиянды болмауына кім жауапты? Бұл сұрақтарға жауапты адамның өзі беруі керек сияқты.«Адам, менен қорықпайсың ба?» деген машинаның сұрағын Aikyn.kz өз оқырмандарына бірнеше рет қойып келеді. Бұл материалдарды мына сілтемелерден бірінші материал және екінші материалды оқи аласыздар.