Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды 
Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды 
1,419
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.    width= Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.    width= Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының екінші тобы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанады.