Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады.
Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті.
Tribune India жазбасында 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған.
Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді.
Желіде "Құдай-ау, неткен батыл қыз", "Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!", "Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке", – деген пікірлер жазылды.
Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.