Мажарстанда өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық Серік Теміржанов финалға шықты.
Халықаралық турнирде Серік Теміржанов (57 келі) жартылай финалда өзбекстандық Самандар Холмурадовпен қолғап түйістірген еді.
Жекпе-жек барысында Серіктің басымдығы байқалып тұрды. Шаршы алаң төрінде қазақстандық боксшы ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс Серік Теміржановқа берілді. Ол финалға жолдама алды.