Қазақстан Ұлттық банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылы 1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 386-сы – банкноттар болса, 5-уі – монета. Бұл туралы ақпаарт ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланды. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24,7%-ға аз . Алдыңғы жылы жалпы соммасы 1 577 400 теңгеге барабар 519 жалған ақша белгісі анықталған болатын. Бұл туралы ақпарат ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланды. Жалған ақша жасаушылар көбінесе 2 000 теңгелік банкноттардың көшірмесін жасайтын көрінеді.
«Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан жиі жасалатыны белгілі болды: 2 000 теңге – 238 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 60%-ын құрайды), 10 000 теңге – 55 дана (14%), 500 теңге – 50 дана (12,8%)», — делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматыда анықталды – 255 дана. Бұл анықталған жалған ақшалардың жалпы санының 65,2%-ы. Қалған өңірлерде 136 дана немесе жалпы санының 34,8%-ы. Ұлттық банк берген дерек бойынша анықталғын жалған банкноталар негізінен компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі-түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдана отырып жасалған. Қолдан ақша жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейлінше ұқсатып жасауға тырысады. Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тағы ресми аккаунтында танысуға болады.