Қазақстанның алты облысы жарықсыз қалды
Қазақстанның алты облысы жарықсыз қалды
Фото: k1news.ru
1,226
оқылды
Бүгін сағат 09:23-те технологиялық қорғаныс үшін 500 кВ Екібастұз – Ағадыр Ж-5170 электр жеткізу желісі авариялық түрде ажыратылды. Бұл туралы Кegoc-тың баспасөз қызметі хабарлады. Апаттан соң Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарын энергиямен жабдықтауда шамамен 600 МВт (тұтынудың шамамен 10%) көлемінде шектелді. «KEGOC» АҚ электр желілерінің аварияға қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды. Соның арқасында Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде жарық бар. Қазіргі уақытта ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мақсатында оңтүстік өңірдің электр станцияларының жүктемесін толықтай көтеру жұмысы жүргізіліп жатыр. Электр жеткізу желісіндегі ақауды анықтау және жою үшін арнайы мамандар жұмыс істейді.