Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер белгілі болды
Су тасқыны болуы мүмкін өңірлер белгілі болды
© Сурет интернеттен алынды
1,114
оқылды
2020 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша СҚО, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында қар жабынындағы ылғал қоры орташа нормадан жоғары. Қар жинау процесі ақпан және наурыз айларында жалғасады, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Көп жылдық бақылау деректері бойынша ақпан, наурыз, сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал және ол қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкелуі мүмкін.
«Егер ақпан айында температура көтеріліп, көп жауын-шашын жауса, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбырдан су тасқыны болуы мүмкін. 2020 жылдың ақпан айына арналған синоптикалық болжамға сәйкес, ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде климаттық нормадан жоғары болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, ақпан айының алғашқы онкүндігінде күндізгі және түнгі ауа температурасы көтеріледі, олар қардың еруіне, еріген қар суының пайда болуына, мұз кептелістерінің пайда болуына және Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының өзендеріндегі судың жайылуына әкеп соғуы мүмкін. Көктемгі кезеңге негізгі гидрологиялық болжам 2020 жылдың наурызында әзірленеді және 2018-2019 жылдарға ұқсас қысқа мерзімді және орташа мерзімді гидрологиялық болжамдар апта сайын (әр 3 күн сайын нақтылаумен) ұсынылатын болады.