«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына және Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған «Алаш туы астында» әдеби-танымдық кеші өтті.
Партияның облыстық филиал жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Амантай Жарқынбек пен оның орынбасары Салтанат Әубәкірова ұлы ақындардың бай шығармашылық мұрасы туралы айтып берді. Спикерлер олардың өмірбаянындағы қызықты деректермен бөлісіп, үздік еңбектерін атады.