«Қазақстан темір жолы» АҚ орталық аппаратының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша қозғалған.
«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес, келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд теңгеден астам сома ретінде көрсетілді», – делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.