21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
348
оқылды
 «Қазгидромет» 21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, қар жауып, бұрқасындатады. Батыс және шығыс аудандарда және оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Ал еліміздің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі. Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түседі.