– «Біз жыл сайын негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақының өсуіне қол жеткіземіз. Оның ішінде «AMANAT» партиясы жастар үшін әділ әлеуметтік лифті құру міндетін өз мойнына алады», - деді мәслихат депутаттығына кандидат Валерий Розумович.Өз кезегінде мәслихат депутаттығына үміткер Қырмызы Жаңбыршина өз ойымен бөлісті.
– «Әрбір азамат әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл мен қала инфрақұрылымын дамыту, өз құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы өз сұрақтарына жауап алатын болады. Біз жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз. Бұл біздің болашаққа деген ортақ міндетіміз», – деді үміткер.Кандидаттар Тобылдықтардың барлық өтініштерін жазып алып, алдағы уақытта сол бойынша жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді