AMANAT жайлы баспананың қарапайым азаматтарға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді
AMANAT жайлы баспананың қарапайым азаматтарға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді
654
оқылды
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде сайлауалды бағдарламаны талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Оған «Жайдарман» қозғалысының негізін қалаушы, партияның белсенді мүшесі, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Есен Елеукен қонақ ретінде қатысты. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып жүргізіп отырды. Есен Баймұханбетұлы ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен біліктілігін пайдаланып қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге депутаттық қызмет арқылы атсалысуға бел байлағанын жеткізді. Осы жолда өзінің азаматтық ұстанымы мен саяси көзқарастары сай келетін «AMANAT» партиясымен бірге болуды таңдағанын айтып, шымкенттіктерді аталған саяси партияға дауыс беруге шақырды. Басқосуда партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасындағы тұрғын үй саласын дамытуға бағытталған шаралар талқыланды.
– Жеке баспананың қолжетімді болуы – азаматтардың жайлы өмір сүруінің айнымас шарты. Сол себепті партия алдағы 5 жылдың ішінде республика бойынша 78 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуына ықпал етеді. Бұл баспанаға мұқтаж жүздеген мың отбасының жаңа пәтерге қоныстануына мүмкіндік береді. Оған қоса республика бойынша 30 мың азамат апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйінің орнына жаңа баспаналар алады. Осылайша, аманттықтар халқымыздың ең үлкен аманатының бірі – тұрғын үй мәселесін оң шешуге бар күшін салғалы отыр, – деді кездесу барысында Бахадыр Мәдәліұлы.
Оның айтуынша, партия Шымкент қаласында алдағы 5 жылдың ішінде 5,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуына ықпал етеді. 2023-2027 жылдары мемлекеттік бюджет есебінен салынған үйлерден 12 мың отбасы жеңілдетілген шарттармен пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, осы мерзім ішінде қалада көп қабатты 100 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек. «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда Шымкент қаласында 5,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынуына ықпал етеді. Бұл туралы партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов сайлауалды үгіт-насихат науқанының аясында өткен кездесу барысында мәлімдеді. Кездесуге қатысқа көпшілік Мемлекет басшысы мен «AMANAT» партиясы ұстанған саяси бағдарды толық қолдайтынын және 19 наурыз күні өтетін сайлауда аталған саяси ұйымды қолдап дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған AMANAT партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді