«Бекітілген қозғалыс жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін асыру 20 АЕК (69 000 теңге), сағатына 80 және одан да көп шақырым – 40 АЕК (138 000 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде жылдамдықты сағатына 80 шақырым және одан да көп қайталап асырғаны үшін – 60 АЕК (207 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады», – делінген құжатта.Сонымен қатар жобаға 596-бапта жаңа тармақ енгізілді. Оған сәйкес көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтірген, материалдық залал келтірген қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші 9 айға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ заң жобасының авторлары қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырудың орнына 30 АЕК (103 500 теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынып отыр.
Ж.АСҚАРБЕК