Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Талғат Қалиевті қабылдады
Фото: akorda.kz
487
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» директоры Талғат Қалиевті қабылдады. Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының» атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.