«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе ауылдық округінде болды. Жиында алғашқы сөзді Абдалы Нұралиев сөйледі. Ол сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағына тоқталып, қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Айтуынша, партияның мақсат-міндеттері қоғамдық қабылдауларда, тұрғындардың өтініш-ұсыныстары негізінде құрылған. Сондықтан халық мүддесі үшін қызмет етеді.
– Қазір Әулие ата өңірі – 1 миллион астам халық мекендейтін аграрлы-индустралды аймақ. Күн өткен сайын қарқынды әрі үздіксіз дамып келе жатқан өлкеде «AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Мәселен, құрамында екі жел электростансасы, күн электростансасы, жем зауыты, жарамсыз картоннан бүктеме қағаздар шығаратын зауыт пен екі құс фабрикасы, құс етін өңдейтін зауыттар, консерві өнімін шығаратын кәсіпорын мен азық-түлік тауарын сақтайтын қойма, темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт және сүт зауыты секілді 18 кәсіпорын іске қосылды. 43,8 миллиард теңге инвестиция тартылған кәсіпорында 1 095 жұмыс орны ашылып, 38,9 мың адам жұмысқа орналасты, – деді Абдалы Тоқбергенұлы.
Бұдан кейін өз салаларына қатысты ойларын Оксана Борисюк пен Ерұлан Мағзымбеков ортаға салды. Олардың сөзінше, партиялықтардың ықпалымен білім және спорт саласында ілкімді істер атқарып жатыр.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының білім беру саласына белсенді араласуының нәтижесінде соңғы екі жыл ішінде 6 мың орындық 18 мектеп және 3,4 мың бүлдіршінге арналған 28 балабақша ашылды. Сондай-ақ облыс орталығындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Бүгінде мұндағы 90-нан астам үйірмеде мектеп оқушылары бос уақытын тиімді пайдалануда. Ал партияның тікелей араласуымен 2027 жылға дейін 30 спорт нысанының құрылысы жүргізілмек. Осылайша, 100-ден астам спорт секциясы мен балалар-жасөспірімдерге арналған 10 денешынықтыру клубы ашылады деп көзделуде. Өз кезегінде мұның бәрі халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін 57,6 пайыздан 61 пайызға дейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT"
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді