«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында жалынды жастармен де кездесіп жүрмін. Бірнеше рет еркін форматта бас қостық. Біздің мақсат – жастарымыз осындай сайлау науқанында «барып кел, шауып кел» жұмыстарына араласу емес, саяси білім мен тәжірибе жинасыншы деген ниет. Сайлауалды бағдарламада не айтылғанын жастармен бірге талқылау маңызды. Өйткені, олар үшін көптеген қолдау шаралары жасақталған. Мәселен, стипендияны 1,5-2 есеге үлкейту, оқу гранттары санын арттыру, бизнес бастағысы келген жастарға 2,5%-бен жеңіл кредиттер беру туралы бастамалар жастар арасында ерекше қолдауға ие болды», – дейді ол.Азамат Асылбеков – 1991 жылы туған, Атырау қаласының тұрғыны. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген талапты шәкірт бүгінде табысты кәсіпкер, қоғам белсендісі, жастар жанашыры. Малайзияда біліктілігін шыңдап, бірнеше салада басшылық қызметтерді табысты атқарған. Қазіргі таңда «Ультрастаб-Казахстан» ЖШС директоры.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді