«Қазгидромет» ел аумағында 24 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға арналған болжамын жариялады.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.