БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың балаларына жәрдемақы төленеді
БҚО-дағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың балаларына жәрдемақы төленеді
1,709
оқылды
Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатынан қаза болғандардың балаларына кәмелетке толғанша жұмыста алып жүрген айлық мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингте айтты.
«Қазавиақұтқару» қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсетеді. Ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығындар «Қазавиақұтқару» есебінен жүргізіледі. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасындағы балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін қаза тапқан қызметкердің жалақысы мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақымен қамтамасыз етілетін болады. Барлық қажетті төлемдер ұжымдық келісімшартқа сәйкес төленетін болады», – деді Руслан Иманқұлов.
Кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақ апатты жағдайда қонып, 4 адам мерт болған болатын.