– Шалғайдағы елді мекендердің мәселесі бізге таныс. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасын түзер кезде тұрғындардың талап-тілегін жинастырған болатынбыз. Орталықтан алыстау аудандарда, негізінен, көшелерге асфальт төсеу, жарықтандыру, емхана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі секілді мәселелерді тез арада шешу қажет, – деді «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева.Партия өкілі, сонымен қоса денсаулық сақтау мәселесі де басты назарда болатынын жеткізді.
– Медициналық қызмет сапасын да жақсарту бойынша партиялық бақылау күшейтіледі. Қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін шалғайдағы елді мекендерде 4 емхана салуды қадағалауға аламыз. Жалпы, халықтың ұсынысы мен талап-тілектерге құлақ асу – партиямыздың басты ұстанымдарының бірі. Бір мақсатта жұмылсақ, алар асуымыз биік болады, – деді Жанар Әлібекқызы.Жиында басқа үміткерлер де халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға барынша еңбек ететіндерін жеткізді. Кандидаттар азаматтар айтқан ұсыныстар мен талап-тілектерді жазып алды. Алдағы сайлауда жеңіске жетіп, түйткілдерді шешуге күш салуға уәде берді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.