Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье қаласында «Shidai» ЖШС ұжымымен «АМАNАТ» партиясының Сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша үгіт-насихат жиыны өтті.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидат Қалел Рахматулин жиналғандарды алдағы сайлауға шақырып, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Талқыланған тақырыптардың бірі – жастар мәселесін партиялықтар ерекше бақылауға алуға уәде берді.
«Жастар – елдің болашағы. Алайда, жастарда өзін-өзі табысты іске асыру және әлеуметтену үшін қажетті жағдайлар жоқ. Осылайша, жұмыссыз жастардың саны 4,9 мың адамды құрайды. Жастарды қолдау үшін «АМАNАТ» партиясы мен «Жастар рухы» Жастар қанаты олардың жұмысқа орналасуына және баспана мәселесін шешуге өз үлесін қосады», – деп бөлісті үміткер.
2027 жылға қарай партия жыл сайынғы жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,2 пайыздан 2,9 пайызға дейін төмендету көзделген.
Сондай-ақ жастардың рухани-мәдени дамуына, бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған жағдайларды жақсарту бойынша кешенді шаралар қажет. Мәдениет нысандарын жөндеуге қаржы қарастырылады. Сондай-ақ, партия мәдениет және мұрағат саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ұмтылып, өңірдегі киелі жерлерді абаттандыруға атсалыспақ.
Жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырған тақырып партия мүшелерінің спортты қолдауы болды. Мәселен, облыс бойынша азаматтарды дене шынықтыру және спортпен қамту 38,2 пайызды ғана құрайды. Жеткілікті спорт инфрақұрылымының болмауы адамдарды спортпен шұғылдану, денсаулығын нығайту және бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндігінен айырады.
Үміткерлердің айтуынша, партия халықты бұқаралық спортпен қамтуды арттыру мақсатында бірқатар шараларды көздеп отыр. Бұл – 9 спорт нысанының құрылысы, спорт нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, ең бастысы, балалардың спорт секцияларына немесе шығармашылық үйірмелерге тегін бару мүмкіндігін қамтамасыз ету. Ал ең алдымен, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жасалған жақсы жағдай болмақ.
«Өмір сүру сапасы үшін адам өмір сүретін жағдайлар – жайлы тұрғын үй, қолжетімді және сапалы ауыз су, тұрақты жылу және энергиямен қамтамасыз ету, таза ауа, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі, қалдықтарды сапалы шығару, Интернетке және байланысқа қол жеткізу. «АМАNАТ» партиясы облысымыздың әрбір елді мекенінде лайықты өмір сүру үшін бар күш-жігерін салады», – деп толықтырды кандидат өзінің үгіт-насихат сөзінде.
Үміткер жиналғандарды дұрыс таңдау жасап, «АМАNАТ» партиясын қолдауға шақырды, өйткені бұл партия қоғам мен мемлекет игілігі үшін жұмыс істейді деген пікірлерін білдірді.
«Біз барлығын елде болып жатқан процестерге сырттан бақылаушы болмауға шақырамыз. 19 наурызда өтетін сайлауға келіп, «АМАNАТ» партиясының кандидаттарына, ал бізбен бірге жаңа Қазақстан үшін дауыс беріңіздер!» – деп жиналған қауымды үміткер сайлауға қатысуға шақырды.
«АМАNАТ» партиясына дауыс бере отырып, сіз әлеуметтік әділеттілік пен барлығына тең мүмкіндіктер үшін дауыс бересіз!
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған
"AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді