«AMANAT» партиясы: бірінші үгіт аптасының қорытындысы
«AMANAT» партиясы: бірінші үгіт аптасының қорытындысы
453
оқылды
«AMANAT» партиясынан Алматыдан депутаттыққа  кандидаттар бірінші үгіт апталығын қорытындылады. Аз уақыттың ішінде 150 іс-шара өткізіліп, оған 16 мыңнан астам алматылық қатысты. Атап айтқанда, «Рахат» фабрикасының, Көпір конструкцияларын шығаратын зауыт, көлік тасымалдаумен айналысатын компания, емханалар мен орта білім беретін мектептердің ұжымдарымен үгіт-насихат кездесулері өтті. Депутаттыққа кандидаттар еңбек ұжымдарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжей түсіндірді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, жаңа форматтағы «Road show»  жылжымалы іс-шара тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Кандидаттар автобуспен бүкіл қаланы аралап,  алматылықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдады. Тұрғындар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз мәселелерін айтып, кандидаттардың байланыс телефон нөмірлерін жазып алуға мүмкіндік алды. «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев қала ардагерлеріне «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қандай жұмыстар қолға алынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын талқылап, түсіндіру үшін мегаполистің мүгедектер ұйымының өкілдерімен кездесті. Аталған үгіт-насихат кезеңінде қалалық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесіне алматылықтардан екі жүзден астам ұсыныс-тілек келіп түсті. Негізгі ұсыныстар әлеуметтік қамсыздандыруға, тұрғын үй бөлуге, білім беру, денсаулық сақтау мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты болды. Депутаттыққа үміткерлер қала тұрғындарына инфрақұрылымды жақсарту, орта мектеп педагогтарының жалақысын арттыру бағытында жұмыс істеуге уәде берді. «Алматы – еліміздің ең ірі қаласы. Біз мегаполистің әрбір тұрғынының жайлы және лайықты өмір сүруіне қамқорлық жасауға міндеттіміз деп санаймыз. Алматының дамыған инфрақұрылымы, сапалы білім мен қолжетімді медицинасы бар мәдени және қауіпсіз қала болып дамуы үшін бар күшімізді саламыз. Біз әлеуметтік белсенді тұрғындардың ғана емес, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың да лайықты өмір сүруіне ықпал етеміз. Сондай-ақ ардагерлерге де қамқорлық көрсетеміз», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді