Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні күшейеді
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні күшейеді
Фото: Интернеттен алынды
608
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі атлантикалық циклонның ықпалында болады. Сол себепті, еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде.
Тек ғана еліміздің солтүстік-шығысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз бірқатар аумақтарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында жаяу бұрқасын болады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.