«AMANAT» партиясы халықпен жұмыстың проактивті форматын ұйымдастырды.
«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы халық көп жиналатын орталық базарда сайлаушылардың талап-тілектері мен ұсыныстарын жазып алды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының кандидаттары белсенді қатысты.
«Сауда орталығына келіп, тұрғындардың барлық талап-тілектерін жазып алдық. Алдағы уақытта айтылған мәселелер мен әрбір ұсыныс ескеріледі», – деді кандидат Н.Бәсенова.Сайлаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды. Жалпы, қостанайлықтар партияның бастамасын қолдап, өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «АMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді