«AMANAT»: «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара өткізіледі
«AMANAT»: «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара өткізіледі
1,444
оқылды
Қостанайда «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын құрметтеуге арналған іс-шара өтті. «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру. Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің туғанына – 165 жыл, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толады. Осыған байланысты партия белгілі ғалымдар, тарихшылар, жазушылар мен жастардың қатысуымен тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырмақ.
– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында 7 мәдени нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, халықты 600 мың адамнан кем емес мәдени іс-шарамен қамту, көрнекті тұлғалардың мерейтойларына орай 30 іс-шара өткізу көзделген», – деп атап өтті кандидат Нұрбол Базиров. Алдағы 5 жылда «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Қостанай облысының көрнекті тумаларының мұрасын дәріптеу аясында біз белгілі батырдың, даңқты бидің, қазақтың тұңғыш Тарханы – Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының туғанына – 330 жыл, Спандияр Көбеевтің туғанына – 145 жыл, еңбек ардагері Қабаш Қозыбаевтың туғанына – 125 жыл, – деп толықтырды кандидат Б.Тебеев.
Ұлттық мұра Облыстық көркемөнерпаздардың халық шағармашылығы мен кинобейнеқор орталығы басшысы Дамир Қалқаев Амангелді Имановтың туғанына 150 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткізілсе деген тілек білдірді.
– «Ауылды жерлерде мәдени ошақтарды сақтап қалу қажет. Сондай-ақ облыс аумағындағы мәдени нысандарда материалдық-техникалық базасын ныйғайту керек», – деді ол.
Кездесуде облыстық кітапхананың директоры ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Оның айтуынша, кітапханада мүгедек жандарға тиісті жағдай жасалмаған. Сонымен қоса  кітап қорын жаңарту қажеттігі ұсынылды. «AMANAT» партиясы тарихи-мәдени мұраны сақтауға, облысымыздың көрнекті тумаларын танымал етуге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және ұлттың мәдени кодын сақтауға ықпал ететін болады. Ұлттық мұра Жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс үшін телефон нөмірлерін қалдырды. Кандидаттар кездесуде айтылған барлық талап-тілектер мен ұсыныстарды жазып алды. Алдағы уақытта «AMANAT» партиясы әрбір ұсынысты ескеретін болады.

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді