Қостанайда «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ұлтымыздың көрнекті тұлғаларын құрметтеуге арналған іс-шара өтті. «Ұлттық мұра» жобасының мақсаты – мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру. Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің туғанына – 165 жыл, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толады. Осыған байланысты партия белгілі ғалымдар, тарихшылар, жазушылар мен жастардың қатысуымен тарихи-танымдық іс-шара ұйымдастырмақ.
– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында 7 мәдени нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, халықты 600 мың адамнан кем емес мәдени іс-шарамен қамту, көрнекті тұлғалардың мерейтойларына орай 30 іс-шара өткізу көзделген», – деп атап өтті кандидат Нұрбол Базиров. Алдағы 5 жылда «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 1 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Қостанай облысының көрнекті тумаларының мұрасын дәріптеу аясында біз белгілі батырдың, даңқты бидің, қазақтың тұңғыш Тарханы – Шақшақ Жәнібек Қошқарұлының туғанына – 330 жыл, Спандияр Көбеевтің туғанына – 145 жыл, еңбек ардагері Қабаш Қозыбаевтың туғанына – 125 жыл, – деп толықтырды кандидат Б.Тебеев.
– «Ауылды жерлерде мәдени ошақтарды сақтап қалу қажет. Сондай-ақ облыс аумағындағы мәдени нысандарда материалдық-техникалық базасын ныйғайту керек», – деді ол.Кездесуде облыстық кітапхананың директоры ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Оның айтуынша, кітапханада мүгедек жандарға тиісті жағдай жасалмаған. Сонымен қоса кітап қорын жаңарту қажеттігі ұсынылды. «AMANAT» партиясы тарихи-мәдени мұраны сақтауға, облысымыздың көрнекті тумаларын танымал етуге, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және ұлттың мәдени кодын сақтауға ықпал ететін болады.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді