Елімізде ауа райының қолайсыздығына орай 4 облыста жолдар жабылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 28 ақпанда сағат 10.45-тегі ақпаратқа сәйкес, 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе – РФ шекарасы тасжолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрі үшін);
Ақтөбе –Мәртөк – РФ шекарасы тасжолының ЭкоОйл – РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрі үшін);
Самара – Шымкент тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрі үшін);
Қостанай облысы бойынша:
Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолының Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);
Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолы Октябрьское ауылы – Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрі үшін);
Екатеринбург – Алматы тасжолы Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (барлық көлік түрі үшін):
Екатеринбург – Алматы тасжолы Қостанай облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы арасы;
Жезқазған – Петропавл тасжолы Ақмола облысы шекарасы – Новоишимское ауылы арасы;
Волошинка – Сергеевка – Тимирязево тасжолы Сергеевка ауылы – Тимирязево ауылы арасы;
Тимирязев – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы;
Тимирязев ауылы – Қостанай облысы шекарасы арасы;
Батыс Қазақстан облысы бойынша (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):
Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы арасы жабық.