«Шымкент Кашемир» өнімдері сұранысқа ие
«Шымкент Кашемир» өнімдері сұранысқа ие
608
оқылды
Өңірде қой жүнін өңдеу бойынша бірегей кәсіпорын саналатын «Шымкент Кашемир» ЖШС жылына 10 мың тонна өнім өңдей алады. Жүнді өңдеу және одан иірілген жіптер мен сырылып тігілген көрпелер шығаратын зауыттың жұмысы бүгінде қарқын алған. Жылына 2 000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүнді дайындайды. Кәсіпорында негізінен жергілікті шикізат пайдаланылуда. «AMANAT» партиясынан Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Альбина Елшиева және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова аталмыш кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидат партияның басты міндеті – өңір экономикасын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру деңгейін ұлғайту екенін атап өтті. – «AMANAT» партиясының үлкен саяси тәжірибесі бар. Біз халыққа партияның сайлауалды бағдарламасын барынша насихаттап келеміз. Жалпы, дәл осы бағдарламада жалпыұлттық мәселелермен қатар әр өңірге қатысты проблемалар бар. Себебі  бұл бағдарлама жергіліктің халықтың талап-тілегі мен өтінішінен түзілген құжат. Партияның алдағы бес жылдағы жұмысы халықпен бірге жүргізілетін болады. Біз Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасы жайлы қала құруға және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенімдіміз, – деді Альбина Балғабайқызы. Бұдан кейін сөз алған Гүлжайна Жақайқызы сайлауалды бағдарлама жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға оң ықпал ететін жеткізді. Оның сөзінше, партиялықтар жыл сайын жаз мезгілінде 1,7 мың адамды жұмысқа орналасуға тікелей көмек көрсетпек. Қалада жалпы жер көлемі 886 гектар  құрайтын 5 өндіріс аумағы бар. Онда бүгінде 200 млрд теңгеге 180 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. Өндіріс орындарының толымдығы 90 пайызға жетті. Кездесу соңында кандидаттар ұжым қызметкерлерін сайлауға қатысып, «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.