– Әр ауылда, тіпті шекарада жатқан, шалғай және жету қиын ауылдарда да интернет болуы керек. Біз қазақстандық байланыс спутниктерінің көмегімен елдің 500 шекаралас, шалғай және жету қиын ауылын интернетпен қамтамасыз етеміз, – деді облыстық мәслихатқа үміткер Федор Цыбенко.Сондай-ақ, аманаттықтар, лайықты өмір мен еңбек жағдайына қатысты сөз қозғады. Партия мемлекет пен қоғам тарапынан жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді. Еңбекті қорғау жөніндегі ең төменгі стандарттар жетілдіріп, жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін анықтау тәртібін қайта қарастырады.
– Қызметкерді барынша қорғау керек. Бұдан былай бәрі өзгереді және Біз әділдікті қалпына келтіреміз. Сондықтан 19 наурызда «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер! – деді Федор Цыбенко.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді