– «AMANAT» партиясының мақсаты – жолдардың, қоғамдық көліктің сапасын жақсарту, әуе және теміржол жолаушыларына ыңғайлы жағдай жасауды назарда ұстау. Партия фракциясының бақылауымен алдағы 5 жылда 860 шақырым асфальт жол салынады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 67,4 пайыздан 85 пайызға артады, – деді Бақытжан Жолдасбекұлы.Кездесу соңында ұжым қызметкерлерін санаулы күндерден соң өтетін сайлауға қатысып, халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясы үшін дауыс беруін сұрады. Әр азамат өзінің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауы маңызды!
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді