"Қазгидромет" РМК 2-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, күнтізбе бойынша көктемнің алғашқы күндері болса да, елдің солтүстік жартысында ауа райы әлі қыстағыдай болып тұр. Мұның себебі – белсенді Атлантикалық циклонның ойпаты және оған байланысты суық атмосфералық фронттар, республика бойынша жауын-шашын мен қар түрінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасынмен ұйытқыма желге ауысып қалың жауын-шашынға ұласады. Жауын-шашынсыз ауа райы оңтүстік аймақтарда тек 2 наурызда ғана сақталады, содан кейін ол аймақта да ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, жылымық қар), тауларда тұман түседі, көктайғақ болады.
"Суық фронттардың әсерінен ҚР солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 10-20-ға дейін аяз, ал оңтүстік жартысында түнде аяз 7 – 2 дейін төмендейді деп күтілуде", – делінген хабарламада.