Krisha.kz сайтына жалған жарнама беріп, азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды
Krisha.kz сайтына жалған жарнама беріп, азаматтарды алдаған алаяқ ұсталды
1,221
оқылды
28 ақпанда  Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлады polisia.kz. Күдікті 2022 жылдың маусым айынан бастап Krisha.kz қосымшасында пәтерді ұзақ мерзімге тапсыру туралы жалған хабарландырулар орналастырған, содан кейін жәбірленушілерден ақшалай қаражатты алған. Сенімді азаматтар қолма-қол ақшаны алдын ала жалған абоненттік нөмірлерге бірлік түрінде аударған. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды. Ұсталған адамның интернеттегі алаяқтықтың 5 фактісіне қатысы бар екені анықталды.