Қостанайда кандидаттар «ҚазПошта» ұжымына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесуде кандидат Бауыржан Тебеев бағдарлама халықтың талап-тілектері негізінде құрылғанын айтты. Сайлауалды бағдарламада 2027 жылдың соңына дейін кемінде 100 мың жұмыс орнын, оның ішінде кемінде 55 мың тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.
– «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін барын салатын болады. Өңірде орташа айлық жалақы 239,7 мың теңгені құрайды. Осы орайда партия бағдарламасында орташа жалақыны 305 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Біз облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз және өңірімізді дамытуға бар күшімізді саламыз, – деді Б.Айдаболұлы.
Кандидат сайлауалды бағдарлама халықтың әл-ауқатын арттыру партия үшін басты міндеттердің бірі болатынына тоқталды.
– «AMANAT» партиясы әрбір өтінішке сай барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Партия жауапкершіліктен қашпайды және іске асырылатын нақты жоспарларды ұсынады», – деді кандидат Гулвира Құдайқұлова.
Шарада кандидаттар сайлаушылардың әрбір мәселесін назарға алып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.