Дәрігерлер Уханьнан Нұр-Сұлтанға жеткізілген студенттердің денсаулығы туралы айтты
Дәрігерлер Уханьнан Нұр-Сұлтанға жеткізілген студенттердің денсаулығы туралы айтты
Фото: Бауыржан Жуасбаев
5,312
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов Уханьнан жеткізілгеннен кейін карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын айтты, – деп жазады «ҚазАқпарат». «Уханьнан чартерлік рейспен жеткізілгеннен кейін карантинге 89 адам жатқызылды. 89 қазақстандық, оның ішінде, 80 студент бар. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді аурухана орналастырылды. Аурухана жаңа, жоғары қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Әрбір қабаттағы әрбір палатаның дербес желдету жүйесі бар. «Таза үй – жай» тәсілімен оқшау палатада жатыр. Ол ауаның араласуына жол бермейді. Ауа палатадан дәлізге және кері бағытта шықпайды», – деді Нұрқан Сәдуақасов. Оның айтуынша, ұшақ бортында дәрігерлер тағы бір мәрте термометрия жүргізіп, адамдардың қызуын өлшеген.
«Ұшақ бортына көтерілген кезде тағы бір термометрияға жүргізген едік. Яғни, ұшақта олармен бірге санитарлық авиацияның дәрігерлері мен дәрігер-эпидемиолог болды. Бір әйелде 37,2 дене қызуы болды. Бірақ, онда қандай да бір сырттай белгілері (коронавиурс белгілері) анықталған жоқ. Олар 2,3 және 4 орындық палаталарға орналастырылды, жағдайы өте жақсы. Қол жүгі өңделгеннен кейін сақтау қоймасына тапсырылды», – деді ол.
Көпбейінді аурухананың инфекциялық блогы бір-бірінен оқшауланған. «Қазақстанның барлық қалаларының, негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей, Алматы, Қарағанды облыстарынан барған студенттер. Олар біздің талаптарымызбен келісіп отыр. Себебі ол жақта да дәл осындай талап болған. Олар инфекциялық блоктың оқашауландырылған палаталарында жатыр, дәлізге шықпайды. Халқымызды қорғау үшін барынша қауіпсіздік шараларын қабылдауға міндеттіміз», – деді Нұрқан Сәдуақасов. Айта кетейік, 2 ақпанда Қазақстан азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы елімізге ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студент жеткізілген еді.