Мейірманқұлов Жаңабай Бердіқұлұлы Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жаңабай Мейірманқұлов 1985 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.
2007 жылы Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.
2008-2010 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы жоғарғы оқу орындары және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы;
2010-2013 жылдары – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім бастығы;
2013-2018 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы;
2018 жылы – Астана қаласы әкімінің аппараты жиынтық-аналитикалық бөлімінің бас инспекторы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаменті Жастар әлеуметтік жобалары басқармасының бас сарапшысы;
2018-2019 жылдары – Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы;
2019 жылы – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы;
2019-2020 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2020-2021 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппараты әлеуметтік-мәдени саланы дамыту бөлімінің бөлім басшысы болды.
2021 жылғы шілдеден бері Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.