– Комьюнити-орталықтың ерекше әрі тың бастама екенін көріп қуанып отырмыз. Осы орайда «AMANAT» партиясы сапалы білім беру мен озық ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән беретінін айтқым келеді. Сондықтан өңірлерде Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер, Жәутіков атындағы IT мектептер, Абай атындағы гуманитарлық мектептер желісін құруға ниетті. Сондай-ақ оқушылар сарайын, жас техниктер стансаларын, балалар технопаркін, музыка және өнер мектептерін ашуды жоспарға енгізді. Отандық мектептер отбасылық құндылықтарды, еңбекқорлық, білім культі мен патриотизмді дәріптеп, дамытатын болады. Сондықтан ұстаздар қауымы сапалы білімді басты орынға қойған партияны қолдайды деп сенеміз. 19 наурызда «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер! – деді Сайрангүл Жұмаділова.Кездесу соңында ұстаздардың ұсыныс-пікірі тыңдалды.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді