Елімізде бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады.
Заң жобасын әзірлеу барысында жеке тұлғалардың банкроттығы институты қалыптасқан елдердің тәжірибесі сараланып, тиісті нормалар алынды.
Осылайша, рәсімдердің 3 түрі енгізілді. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Банкроттықтың салдары:
5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;