«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық штабының жұмысы қызу жүруде. Кандидаттар фронт-кеңседе сайлауалды бағдарламаны талқылауға арналған кезекті жиынды өткізді.
Шара барысында кандидат Аруна Жақсағұлова сайлаушыларды «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Облыста көпбалалы отбасылар санатынан 5,9 мың адам және халықтың әлеуметтік осал топтарынан 16,5 мың адам тұрғын үй алуға кезекте тұр. Кандидаттың сөзіне сүйенсек, алдағы 5 жылда баспана мәселесіне байланысты партия әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесетін болады.
«Өткен екі жыл ішінде «AMANAT» қол жеткізген жетістіктер аз емес. Партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы да өңір экономикасының деңгейін көтеруге біршама ықпал етпек», - деді кандидат.
Сайлауалды бағдарламада 2,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 20 мың пәтер салу жоспарланған. Нәтижесінде, 20 мың отбасын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 1,5 мың отбасын және 600 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Іс-шарада кандидаттар сайлаушылардың әрбір сұрағына жауап беріп, алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.