"Жалпы, қазір облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан — 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді. «AMANAT» партиясы жыл сайын денсаулық сақтау ұйымында кемінде 160 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Бұдан бөлек, кемінде 38 дәрігер біліктілігін арттыру үшін жетекші шетелдік медициналық клиникаларға жіберіледі. Партия ұсынған бұл саладағы шаралардың нәтижесі халықтың өмір сүру ұзақтығын 73,3-тен 75 жасқа дейін ұлғайтуға, денсаулық сақтау ғимараттарының тозуын 38,8 пайызға дейін төмендетуге әрі маман тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді", — деді А.Еділбаев.Сондай-ақ бұл күні облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Таразтрансэнерго» кәсіпорнының жұмысшыларымен жүздесті. Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталды.
"AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың ең маңызды қажеттіліктері ескерілген. Елдегі соңғы оқиғалар коммуналдық шаруашылықтың осалдығын көрсетті. Партиялықтар электрмен және жылумен жабдықтау желілерін жөндеуді қатаң бақылауға алмақ. Бүгінгі таңда облыс бойынша электр көзімен жабдықтау құрылғыларының 78,8, жылумен қамтамасыз ету құрылғыларының 56,5 пайызы тозған. Ал су қалдықтары ағатын құрылғылардың 38,1 пайызы жөндеуді талап етеді. Партия ескірген учаскелерді жөндеу және ауыстыру мәселелері ерекше бақылауға алады. Біз кем дегенде 32 шақырым жылумен жабдықтау желілерін жөндеуді және реконструкциялауды қамтамасыз етеміз", — деді Махметғали Сарыбеков.Өз кезегінде кәсіпорын басшылығы өз бетінше жалақыны көтере алмайтынын, тіпті жылына бір рет жәрдемақы төлей алмайтындықтарын жеткізді. Сәйкесінше, қос кандидат бұл мәселені партияның бақылауына алуға уәде берді.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қоры қаражатынан төленді.