Оң өзгерістер дамудың кепілі
Оң өзгерістер дамудың кепілі
303
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары­ның Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті. Әңгіме барысында Майк Помпео Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентіне АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел­дің стратегиялық серіктестігін ны­ғайтуға бағытталған бірлескен күш-жігер мен қабылданған ша­ра­ларды атап өтті. – Тәуелсіздіктің бастапқы ке­зеңінде біз «Шеврон» ком­пания­сы­мен келісім жасадық. Осы сәт­­­тен бастап Қазақстанға аме­ри­ка­­лық инвестициялар кел­ді. Бүгінгі таңда бізде 410 бірлес­кен кәсіп­орын бар. Америкалық ин­вести­ция­лардың көлемі 45 мил­лиард дол­лардан асты, – деді Елбасы. Өз кезегінде Майк Помпео Қазақстанға сапары және келіс­сөз­дердің нәтижелері туралы айтты. – Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қа­зақстан­­ның Сыртқы істер ми­нистрі­мен маңызды кездесулер мен келіссөздер өткіздім. Сіз Америка Құрама Штатта­рының бұрыннан келе жатқан досысыз. Елдеріміздің ара­сында өзара тиімді серіктестік қа­лыптасқан. Қазақстандағы оң өзгерістер Сіз­дің жеке ең­бегіңіз деп біле­мін. Елдің даму деңгейі де мені тәнті етті, – деді АҚШ-тың Мем­­ле­кеттік хатшысы.