– «AMANAT» – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан «AMANAT» партиясы да әр адамның еңбек етуге мүмкіндігі болуы қажет, жұмыстан аман-сау қайтып, отбасымен бірге уақыт өткізіп, ертеңіне сенімді болуы керек деп есептейді. Ол үшін біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді қолға алып, еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етпекпіз. Партияның бағдарламасында зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Ірі бизнес орындары қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін шығындар мен жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Сонымен қатар, еліміздің барлық кәсіпорындарында медициналық пункттерді ашуды қарастырып отырмыз, – деді Әлия Махсұтқызы өз сөзінде.Кездесу соңында кандидаттар ұжым қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысып, жетекші партия үшін дауыс беруге шақырды.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді