25 миллион гүл
25 миллион гүл
921
оқылды
Мемлекеттік кірістер комитеті сырт ел­дер­ден гүл­дерді әкелуге байланысты қы­зықты деректермен бө­лісті. 8 наурыз күні гүл саудасы қызып, дүкендер мен базарларда адамдар сыйлық алуға көптеп келеді. Ал гүлдердің негізгі бөлігі шетелден әкелінеді. «2023 жылдың қаңтар-ақпан ай­ларында Қазақ­станға салмағы 1 341 тон­на гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әке­лінген, оның құны 9,5 млн АҚШ дол­ларына тең болды» делінген комитет хабарлама­сында. Сұранысы ең жоғары – рау­шан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл талы әкелінген, құны – 5,8 миллион АҚШ долларына жуық. Екінші орында – хризантемалар (салма­ғы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны 1,3 млн АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны 161 мың АҚШ доллары). Сонымен қатар лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оны 35 тон­на салмағымен 192 мың АҚШ долларына әкелген, басқа да жаңа кесілген гүлдер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсо­фила, финикс, ирис, гортензия және экзотикалық гүлдер) сал­мағы 376,8 тонна, құны 2,2 млн АҚШ долларына әкелінген.