«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Абдалы Нұрәлиев, Гулам Омаров және Аяулым Расылхан мен Оксана Борисюк «Есіктен есікке» акциясы аясында Тараз қаласының іргесіндегі Көктем алқабының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында алқап тұрғындары қара жолдың сапасыздығы мен қоғамдық көліктердің қолжетімсіздігіне шағымданды. Аманаттықтар әрбір өтініш-тілек ескерілетінін баса айтып, партия алдағы бес жылда барлық саланың дамуына өз үлесін қосуды көздеп отырғанын жеткізді.
Ел болашағының жарқын болуы өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей байланысты. Осы тұрғыда жер-жерлерде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Қазір өңірде халықтың 39 пайызы денешынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысады. Әрине, бұл қазірдің өзінде лайықты көрсеткіш. Десе де, оны жақсартуға күш салуымыз керек.
Партия алдағы 5 жылда өз жемісін беретін көптеген бағытты ұсынуда. Мәселен, 58 елді мекенде спорт нысандары мен қандайда бір спорт секциясы жоқ. Тиісінше, мұның салдары балалар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ ересек тұрғындарды спортпен шұғылдануға, денсаулықты нығайтуға және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан бұл жағдайды өзгертіп, халық үшін спорт нысандары мен секцияларының қолжетімділігін арттыру қажет, – деді Оксана Валерьевна.