«Құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді. Әрбір адамға тең мүмкіндіктер қарастырып отыр. Барысында қоғамда жұмыссыздық деңгейі төмендетіледі. Жастарды қолдауға, туризм, ауыл шаруашылығы, білім беру және медицина жүйелерін дамытуға, инфрақұрылымға инвестициялау және қолайлы экологиялық орта құруға күш салынады. Мәселен, алдағы 5 жылда облыста 175 мың жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде 140,3 мың адам тұрақты қызметке орналасады. Орташа жалақы көлемі 268,3 мың теңгеден 397,7 мың теңгеге дейін ұлғайтылмақ», − Даулет Жараспаев.Сонымен қатар қабылдау барысында тұрындар медицина, жалақыны көтеру, оның ішінде кіші қызметкерлердің жалақысын көтеру және несиені төлей алмаған адамдар үшін банкроттық жариялау жөніндегі мәселелер көтерілген болатын. Барлық қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді