Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелердегі орын тапшылығы, мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктемесі, ауыл мен қаладағы білім беру сапасындағы теңсіздік мәселелері бар. Еліміздің әрбір тұрғыны сапалы білімге қол жеткізе алуы тиіс.
– Балабақша педагогі, білім беру ұйымының басшысы мен мектеп кітапханашылары үшін еңбекақы төлеудегі теңсіздіктер жойылады. Біз 2028 жылға қарай 2-ден 6 жасқа дейінгі балалары бар барлық мұқтаж отбасыларды 300 мың жаңа орыннан тұратын мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтамасыз етеміз. Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту жүзеге асырылмақ. Біз 100 мың балабақша тәрбиешісінің жүктемесін дамыған елдердегі жүктеменің орташа деңгейіне дейін, яғни 2 есеге төмендетеміз, – деді Бахтияр Спанов.